Ашылу салтанаты басты фестиваль алаңында — Берлинале Паластта Потсдамер плацта өтті. Дәстүр бойынша қызыл жолмен қазылар алқасының мүшелері — оның президенті Мерил Стрип, сонымен қатар актерлер Альба Рорвахер, Ларс Айдингер және Клайв Оуэн, фотограф Бриджит ЛяКомб, кинотанушы Ник Джеймс және режиссер Малгожата Шумовска жүріп өтті.
Салтанатты жүріп өту шарасын «Цезарь жасасын!» фильмінің түсіру тобы — ағайындылар Коэндер, Джордж Клуни, Джош Бролин, Тильда Суинтон, Ченнинг Тейтум аяқтады.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Берлинале 21 ақпанға дейін жалғасады. Сыйлық иегерлері, соның ішінде фестивальдің басты сыйлығы — "Золотой медведь" иегерлерінің есімі 20 ақпанда жабылу салтанатында белгілі болады. Ол дәстүр бойынша Берлинале бас алаңында — Берлинале Паластта өтеді.