Бұл туралы модель Инстаграмдағы парақшасында баяндап берді.
Bibi жас америкалық модельер Кристиан Сирианоның (Christian Siriano) көрсетіліміне қатысқанын атап өтейік.
Нью-Йорктегі сән апталығы — бүкіл әлемнің сәнқойлары тағатсыздана күтетін фэшн-индустриясындағы жыл сайынғы елеулі оқиға. Одан кейін Нью-Йорк эстафетаны Лондон, Милан және Парижге тапсырады.
Айта кетейік, Бибісара Шәріпованың бұл танымал шоудың авторлық көрсетілімдеріне қатысып жүргеніне бірнеше жыл болды.
