Парадан бас тартқан полицияға сыйақы беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парадан бас тартқан полицияға сыйақы беріледі

Парадан бас тартқан полицияға сыйақы беріледі

14 наурыз күні Ақсай қаласындағы Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратында жол-патрульдік полиция взводының қызметкері, полиция сержанты А.Өтешовқа 150 мың теңге көлемінде пара бермекші болған 1988 жылғы С. деген азамат ұсталды.

  • 15 Наурыз 2016
  • 355
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған тұрғын осылайша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 608-бабы 1-бөліміне (автокөлікті мас күйінде айдау) сәйкес қозғалған әкімшілік іс материалын сотқа жолдамауды шешпекші болған.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК 367-бабы 2-бөлімі (пара беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Сыбайлас жемқорлықпен күресте табандылық танытқаны үшін А.Өтешов сыйақымен ынталандырылатын болады.