Ақмола облысында 30 теңгеге қыз сатқан ер адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 30 теңгеге қыз сатқан ер адам ұсталды

Ақмола облысында 30 теңгеге қыз сатқан ер адам ұсталды

Ақмола облысында 26 жастағы қызды сатпақ болған ер адам қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлад

  • 17 Наурыз 2016
  • 372
Фото - Caravan.kz


Еске сала кетейік, наурыздың 16-18 күндері аралығында облыс аумағында адам саудасы, заңсыз бас бостандығынан айыру, жезөкшелікпен айналысу сияқты оқиғалардың жолын кесу мақсатында «STOP-Трафик» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр. 

«Аталған шара аясында облыстық ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күресу бойынша басқармасының қызметкерлері 26 жастағы қызды сатпақ болған көкшетаулықты қолға түсірді. 

Полицейлер 28 жастағы күдіктінің қалтасынан айғақ ретінде 30 мың теңге ақша тәркіледі. 

Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстінен ҚР ҚК 128-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Сонымен қатар, шара барысында облыс орталығындағы сауналардың бірінің 55 жастағы әкімшісі де ұсталды. Ол 19 жастағы қызды жыныстық қызмет көрсету үшін клиентіне 2 мың теңгеге ұсынған. 

Оның үстінен де ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.