Депутаттар жеңілдікпен жол жүретін адамдар санатын да талқылады. Сонымен ҰОС ардагерлері, 1941-1945 жж. ҰОС жылдарындағы ерен еңбегі үшін медалімен марапатталған тыл еңбеккерлері, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгілерін алған көп балалы аналар тегін жүреді. Қаланың құрметті азаматтары да тегін жүреді. Студенттер 50 теңге, 15 жасқа дейінгі балалар — 35 теңге төлейді.
Еске салсақ, Шымкентте соңғы рет жолақы 2012 жылы көтерілген. Бүгінге дейін шығынға батқан жолаушы тасымалдаушы компаниялар тарифті өсіру жайлы бірнеше рет мәселе көтерген.