Парламенттің алтыншы шақырылымдағы бірінші сессиясы Астанада жұмада, 25-наурыз күні ашылады, деп хабарлады мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова.
"Сессияның ашылуы ертең өтеді», деді ол бейсенбіде Астанада журналистерге.
Сессия дәстүрлі түрде парламент палаталарының бірлескен отырысында өтеді.
"Жұмада, 25 наурыз күні сағат 10:0-де палаталардың 6-шы шақырылымдағы бірінші сессиясының ашылуына арналған бірлескен отырыс өтеді», делінген мәжілістің баспасөз қызметінен таралған хабарламада.
Бірлескен отырыстан соң мәжілістің жаңа құрамы өзінің бірінші пленарлы отырысын өткізеді.