Қалдыбай Қазанбаев Алматы қалалық Мәслихатының хатшысы болып сайланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қалдыбай Қазанбаев Алматы қалалық Мәслихатының хатшысы болып сайланды

Қалдыбай Қазанбаев Алматы қалалық Мәслихатының хатшысы болып сайланды

Алматыда қалалық Мәслихаттың VI шақырылымның  алғашқы сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

  • 25 Наурыз 2016
  • 734
Фото - Caravan.kz

Шара барысында жаңадан сайланған депутаттарға төсбелгілер мен жеке құжаттар табысталды.

Сондай-ақ, Қалдыбай Қазанбаев Мәслихат хатшысы болып қайта сайланды.

Аумақтық сайлау комиссиясының басшысы Бақытжан Доспанов атап өткендей, депутаттар құрамының орташа жасы 48 болып отыр. Өткен жылғы құрамнан 4 жасқа жасарған.

Мәслихат құрамы 65 пайызға жаңарды.

«Қаламыздың дамуына тың серпін, жаңа идеялар керек. Алғаш рет мәслихатқа үш партия енді. Әйелдер саны жетеу. 8 ұлттың өкілдері енді. 30-ға толмаған екі депутат бар. Алматы жастардың қаласы болған соң, жастардың көп болғанынан қуанамыз», — деді өз сөзінде Б.Байбек.

Қала басшысы халық қалаулыларына Алматыны дамыту үшін әлі көп еңбектену қажеттігін баса жеткізді.