«Осы жылғы 25 ақпаннан бастап 21 «Вокорд-Циклоп» аппараттық-бағдарламалық кешені 42 миллионнан астам теңге сомасында жол қозғалысы қағидасын бұзған 1800 жағдайды анықтады», — деп хабарлады Астана ІІМ жергілікті полиция қызметінде.
Полицейлердің деректеріне сүйенсек, жүргізушілер көбінесе жол жүру ережесін «Астана-Қарағанды» тас жолымен қаладан шыға бере бұзады — бұл жерде (МЕТРО сауда үйі маңы) 335 заң бұзушылық анықталды.
Сығанақ көшесі бойындағы көпірде (Цесна банк) — 324 ереже бұзу оқиғасы, Сығанақ көшесі бойындағы VIVA PLAZA маңында — 281 бұзушылық, Қорғалжын тас жолымен қаладан шыға берер тұста — 247 бұзушылық тіркелді.
Еске салсақ, жылдамдық өлшеуіш радарлық немесе оптикалық әдіспен нысанның жылдамдығын айқындайды.