Қызғаныштан бұрынғы әйелін атып өлтірген тұрғын 18 жылға сотталды - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызғаныштан бұрынғы әйелін атып өлтірген тұрғын 18 жылға сотталды - БҚО

Қызғаныштан бұрынғы әйелін атып өлтірген тұрғын 18 жылға сотталды - БҚО

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Болат Жақыпов ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлімімен (қаруды, оқ-дәрілерді сақтау, тасымалдау және алып жүру), 99-бабы 2-бөлімі 5-тармағымен

  • 25 Наурыз 2016
  • 714
Фото - Caravan.kz

(аса қатыгездікпен адам өлтіру) айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуге сотталды.

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот үкім шығарған кезде ҚР ҚК 58-бабы 4-бөлімінің қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша жаза тағайындау талабын, баптардың бірінің бас бостандығынан айыратын санкциясында 15 жылдан 20 жылға дейінгі көзделген жаза мөлшерін, екінші баптың 5 жылға дейін бас бостандығынан айыратын санкциясын, прокурордың ұстанымын, сондай-ақ қылмысты ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды ескерді.

Ақжайық ауданы орталығы Чапаев ауылының тұрғыны Б.Жақыпов 2015 жылғы 20 желтоқсанда Қонаев көшесі, 76-үйдің жанынан қос ұңғылы шолақ мылтық тауып алып, өзінің тұрғылықты мекенжайында сақтаған. 25 желтоқсан күні өзінің бұрынғы зайыбы З.Жақыпова басқа біреумен көңілдес болды деген күдігі есіне түсіп, соны аса ауыр қылмыс жасауға себеп қылған. Спирттік ішімдік ішіп алып, З.Жақыпованың жұмыс орнына барып, кәмелетке толмаған ұлының көзінше бес рет атқан. Соның салдарынан З.Жақыпова ауруханада көз жұмды.