Талибан Пәкістандағы жарылысты өз мойынына алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Талибан Пәкістандағы жарылысты өз мойынына алды

Талибан Пәкістандағы жарылысты өз мойынына алды

Пәкістанның Лахор қаласында болған жарылыс үшін жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойынына алды. Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан кем дегенде 69 адам қаза тапты.

  • 28 Наурыз 2016
  • 453
Фото - Caravan.kz

Талибтердің өкілі қастандық қаланың христиандар көп тұратын бөлігінде әдейі жүзеге асырылғанын атап өтті.

Жарылыс жексенбі күні таңертең, қала орталығындағы Гүлшан-и-Икбал саябағының жанындағы көлік тұрағының қасында, ойын алаңынан бірнеше метр жерде болды.

Бұл жерде Пасха мерекесін тойлау үшін бүкіл отбасымен жиналған жергілікті христиандар көп болған.


Полиция комиссарының орынбасары Мохаммад Усман жарақат алған адамдардың саны 190-нан асып кеткенін мәлімдеді.