ХҚКО-да инвесторларға арналған «бір терезе» жүйесі жұмыс істей бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ХҚКО-да инвесторларға арналған «бір терезе» жүйесі жұмыс істей бастады

ХҚКО-да инвесторларға арналған «бір терезе» жүйесі жұмыс істей бастады

Алматыда ХҚКО-да инвесторларға арналған бір терезе тетігі жұмыс істей бастады. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық басқармасынан хабарлад

  • 28 Наурыз 2016
  • 549
Фото - Caravan.kz


Жаңа жүйе Бостандық, Медеу, Әуезов аудандарында іске қосылды. 

Енді отандық және шетелдік инвесторлар салық төлеушілерін тіркеу, тауар белгісін тіркеу, өнертапқыштық патентін беру сияқты 344 қызмет түрін пайдалана алады. 

Әр ХҚКО-да 3 оператордан жұмыс жасайды. 

«ХҚКО» РМК қалалық филиалының жетекшісі Жамал Баймұхамбетованың айтуынша, «бір терезе» жүйесінің іске қосылуы инвсторлардың мемлекетпен қатынасын азайтып, арадағы бюрократиялық, және әкімшілік кедергілерді азайтады. 

Сондай-ақ, инвесторлар әкімдік жанына ашылған инвесторлар орталығында, www.egov.kz электронды үкімет порталында да қызмет түрін ала алады. 

Жыл басынан бері қалалық ХҚКО-да 22 инвесторға қызмет көрсетілген екен. 

Айта кету керек, Алматыда қазір 187,5 мың ШОБ субьектісі кәсіппен айналысуда. Оларда 585 мың адам жұмыспен қамтылған.