БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Флюра Саматованың айтуынша, әйелдің екі беті көгеріп кетіп, аяқ астынан өзін жайсыз сезінгеннен кейін сағат 12.25-те жедел жәрдем шақыртылған. Алайда 5 минуттан кейін жәдел жәрдем бригадасы келгенше, әйел жан тапсырған. Дәрігерлер жансақтау шараларын жасағанымен, ол еш нәтиже берген жоқ.
Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып, тергеу амалдары жүргізілуде.