Семей қаласында құлап түскен қоршаудың астында қалған адам қаза болды, деп хабарлады ТЖ қалалық басқармадан.
"Кеше шақырту бойынша сағат 21:43-те барған кезде бетоннан салынған қоршаудың астында 1997 туылған жігіттің қалып қалғандығы анықталды. Ол жедел жәрдем келгенше қаза болған», деді сейсенбіде қалалық ТЖ.
Құтқарушылардың мәліметтеріне қарағанда, қоршау "Жаңасемей" теміржол станциясын қоршап тұрған.