Дағыстанда белгісіз біреулер брондалған «Урал» мен УАЗ көлігін жарып жіберді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дағыстанда белгісіз біреулер брондалған «Урал» мен УАЗ көлігін жарып жіберді

Дағыстанда белгісіз біреулер брондалған «Урал» мен УАЗ көлігін жарып жіберді

Кеше Махачкала қаласының маңында белгісіз біреулер ІІМ-нің уақытша жедел тобының брондалған «Уралы» мен УАЗ көлігін жарып жіберді, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне республикалық ІІМ-нің өкілі.

  • 30 Наурыз 2016
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Шамамен сағат 20:30-да белгісіз біреулер ішінде ІІМ-нің уақытша іссапарға жіберілген қызметкерлері отырған уақытша жедел топтың брондалған «Уралы» мен УАЗ көлігін жарып жіберді. Қолдан жасалған жарылғыш зат әзірге анықталған жоқ», — деді агенттіктің әңгімелесушісі.

 «Кавказ» федералдық күре жолындағы Ново-Хушет кенті маңында болған оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақаттанды.