Қазақстан қор биржасында (KASE) есептесуі Т+0 және Т+1 теңгемен (USDKZT_TOD және USDKZT_TOM) АҚШ доллары бойынша, есептесуі T+0 теңгемен (EURKZT_TOD) және АҚШ долларымен (EURUSD_TOD) еуро бойынша және есептесуі Т+0 теңгемен (CNYKZT_TOD) қытай юані бойынша таңғы сауда-саттық сессиясы аяқталды. Сауда-саттыққа KASE валюталық нарығының 19 мүшесі қатысты.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 343,71 теңгені (+0,66 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 85 950 мың (+21 700 мың USD) АҚШ долларын құрады.