Ақмолалық полицейлер 8 жылдай іздеуде жүрген қылмыскерді Қырғызстанда қолға түсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмолалық полицейлер 8 жылдай іздеуде жүрген қылмыскерді Қырғызстанда қолға түсірді

Ақмолалық полицейлер 8 жылдай іздеуде жүрген қылмыскерді Қырғызстанда қолға түсірді

Амола облысы ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Қырғызстан полицейлерімен бірігіп, Ыстықкөл ауданында 36 жастағы Қазақстан азаматын ұстады.

  • 30 Наурыз 2016
  • 380
Фото - Caravan.kz

«Іздеуде жүрген адам Қырғызстандағы туыстарында болған. Қырғызстан полицейлерімен өзара ықпалдастықтың арқасында Ақмола облыстық ІІД қызметкерлері қылмыскерді ұстады», — деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Айыпталушы ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімінде (адам өлтіру) қарастырылған қылмыстық іс бойынша іздеуде жүрген. 2007 жылы ол танысын пышақтап өлтірген.   

Қазір күдікті Ыстықкөл АІІБ уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оны Қазақстанға жеткізу мәселесі қарастырылып жатыр.