Степногорда жолаушылар электропойызынан өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Степногорда жолаушылар электропойызынан өрт шықты

Степногорда жолаушылар электропойызынан өрт шықты

Степногорда жолаушылар электропойызынан өрт шықты.

  • 31 Наурыз 2016
  • 309
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы аймақтық ТЖД кезекшілік бөлімінен хабарлады.

«Келеңсіз жағдай Степногор қаласының автовокзалы маңында орын алған. Бұл туралы қалалық ТЖБ кезекшілік бөліміне 30 наурыз күні сағат 12:25 шамасында хабар түскен. Өрт № 22 электропойызының 3407 жолаушылар вагонынан шыққан. 

Тілсіз жауды ауыздықтауға қалалық ТЖБ жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт техникасы,  «Степногор тау кен металлургия комбинаты» АҚ-нің 4 жұмысшысы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Аталған электропойыз Степногор қаласы мен Ақсу кенті аралығында кеншілерді тасымалдайды. Абырой болғанда адам шығыны болған жоқ», деп көрсетілген хабарламада.