Қарағандыда төбелес шығарған қала автобусының жұмыскерлері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда төбелес шығарған қала автобусының жұмыскерлері ұсталды

Қарағандыда төбелес шығарған қала автобусының жұмыскерлері ұсталды

Қарағандының орталығында бағдарлы автобус жұмыскерлерінің арасында төбелес болды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

  • 31 Наурыз 2016
  • 369
Фото - Caravan.kz

«Қарағанды қалалық ІІБ ЖБО-ның бейнебақылау инспекторлары Бұқар жырау даңғылында қоғамдық тәртіпті бұзу фактісін тіркеді. Оқиға орнына полиция жасағы жіберілді. Жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бағдарлы автобустың 35 және 32 жастағы екі қызметкерін ізін суытпай ұстап, полиция бөліміне жеткізді», — делінген хабарламада.

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Аталған факт сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлімімен (бұзақылық) тіркелген. ЖБО-ның бейнебақылау таспаларындағы видео қылмыстық іс материалдарына қатыстырылды», — деп ақпараттандырды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.