Бұл туралы Қазақстан қор биржасының ресми сайтында хабарланды.
Есептесуі T+0 теңгемен АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 343,56 теңгені (+2,50 теңге), ал сауда-саттық көлемі — 37 250 мың (-5 650 мың USD) АҚШ долларын құрады.
Есептесуі T+1 теңгемен және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен еуро және АҚШ доллары бойынша мәмілелер жасалған жоқ.
Сессия жабылар сәтте баға белгілеулер тіркелген жоқ.
Есептесуі T+0 теңгемен қытай юані бойынша мәмілелер жасалған жоқ. Сессия жабылар сәтте сұраным бір юаньға 53,0533 теңгені құралы, бір юаньға ұсыным — 52,8500 теңге болды.
Осы хабарламада трендтердің барлығы тиісті қаржы құралының алдыңғы жұмыс күндегі соңғы мәнімен салыстырмалы түрде берілген. Егер алдыңғы таңертеңгілік сессияда тиісті қаржы құралы бойынша мәмілелер жасалмаса немесе олардың сауда-саттығы өткізілмесе, тренд көрсетілмейді.