Зырянда ер адам биіктігі 6 метр теміржол көпірінен секіріп кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зырянда ер адам биіктігі 6 метр теміржол көпірінен секіріп кеткен

Зырянда ер адам биіктігі 6 метр теміржол көпірінен секіріп кеткен

Зырян ауданындағы Парыгино және Баяновка ауылдарының арасында ШҚО ТЖД-нің № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері биіктігі 6 метр теміржол көпірінен құлаған ер адамды ауруханаға жеткізді, деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

  • 31 Наурыз 2016
  • 508
Фото - Caravan.kz

Оқиғаға куәгер болған теміржол төсемінде қызмет ететін жұмыскерлердің айтуынша, 35 жастағы ер адам кеше кешке көпірдің үстінде серуендеп жүрген. Өзін өзі біртүрлі ұстаған ол теңселіп жүріп, «Қазір пойызды тоқтатамын!» деп, айхайлаған. Бірнеше минуттан соң куәгерлер оның ізім-ғайым жоқ болып кеткенін байқаған. Көпір таянышына жүгіріп келгенде, олар ер адамның төменде қимылсыз жатқанын көреді. Темір жол жұмыскерлері бірден жедел жәрдем қызметіне және құтқарушыларға қоңырау шалған.

Қазір ол ауруханада, жағдайы ауыр.

ШҚО ТЖД қызметкерлері бұл осы аптада екінші рет адамның көпірден секіру оқиғасы екенін айтады. Бұған дейін бірнеше күн бұрын ШҚО-да тағы екі осындай оқиға тіркелген: олар Өскемен және Семей қалаларында болды. Жедел-құтқару іс-қимылдарының арқасында зардап шеккендер тірі қалды. 

2
34