Дағыстанның Табасаран ауданы Сиртыч кентіндегі полиция постында орын алған жарылыс салдарынан бір полицей қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды. ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС полиция қызметкерлері көлікті тоқтатуға тырысқанын, алайда ол полиция талабына бағынбай, сәл әрірек өтіп, жарылғанын хабарлады.