ҚР Президенті: Еуразиялық экономикалық одақ - тек экономикалық жоба - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Президенті: Еуразиялық экономикалық одақ - тек экономикалық жоба

ҚР Президенті: Еуразиялық экономикалық одақ - тек экономикалық жоба

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтондағы Карнеги қорының штаб-пәтерінде болған АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесу кезінде халықаралық экономикалық интеграциялық одақты құру КСРО-ны қайта құру емес екендігін түсіндіріп өтті, деп жазады РИА Новости.

  • 1 Сәуiр 2016
  • 525
Фото - Caravan.kz

«Бұл — тауар, қызмет, капитал, еңбек ресурстары қозғалысының бірыңғай ережелері бар экономикалық бірлестік. КСРО-ны қайта құру туралы әңгіме мүлде жоқ екенін атап айтқым келеді. «Қырғиқабақ соғыстың» осы стереотиптерінен арылу керек. Олар болашаққа көз жіберуімізге кедергі келтіреді. Еуразиялық экономикалық одақ — тек экономикалық жоба», — деді Мемлекет басшысы.

Естеріңізде болса, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысу үшін АҚШ-қа барған. Осы сапары барысында Мемлекет басшысы Карнеги қорының президенті Уильям Бернспен, АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен, сондай-ақ кәсіпқой боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий Головкинмен кездесті.

Айта кетейік, ЕАЭО — Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап қызметін бастады. Қазір оған мүше-мемлекеттер қатарына Армения мен Қырғызстан қосылған.