«Оңай» жол жүру билеттермен 4 млн рет қызмет көрсетілген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Оңай» жол жүру билеттермен 4 млн рет қызмет көрсетілген

«Оңай» жол жүру билеттермен 4 млн рет қызмет көрсетілген

«Оңай» жол жүру билеті бойынша бір ай ішінде 4,27 млн рет қызмет көрсетілген. Бұл туралы «Алматы» көлік холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 1 Сәуiр 2016
  • 593
Фото - Caravan.kz

Айта кету керек, Алматыда 1 наурыздан бастап «ОҢАЙ» электронды жол жүру билеттері сатыла бастады. Жол жүру билеттерінің 4 түрі бар. Жолаушылар барлық санаттағы азаматтарға арналған, мектеп оқушыларына, студенттерге, зейнеткерлерге арналған жол жүру билеттерін пайдалана алады.

Бірыңғай жол жүру картасының құны 7 200 теңге болса, əлеуметтік жол жүру картасының құны  — 2 000 тенге, оқушылардың билеті 1 000  теңге, студенттер үшін жол жүру билеті 3 000 теңге тұрады.

Аталған электронды билеттерді айдың алғашқы 15 күнінде «QIWI» онлайн төлем терминалы арқылы толықтырып, келесі айда да қолдануға болады.