Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан 5 адам қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан 5 адам қолға түсті

Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан 5 адам қолға түсті

Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан 5 адам қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлад

  • 1 Сәуiр 2016
  • 401
Фото - Caravan.kz


«Ағымдағы жылдың 30-шы наурызында облыстық ІІД есірткі бизнесімен күрес бойынша арнайы бөлімше қызметкерлерімен жүргізілген кең көлемді жедел-іздестіру шарасы барысында 48 жастағы көкшетаулық қолға түсті. Оның үйін тінту барысында «Дозор» есімді иісшіл ит 20 келі 210 грамм «кептірілген марихуана» тапты. Сол күні есірткі саудасымен айналысқан тағы 4 адам қолға түсті. Олардан 1100 АҚШ доллары, 126 мың теңге ақша, қару-жарақ, оқ -дәрі, 7 полиэтилен және 6 қағаз бумаға салынған сұрғылт -жасыл түсті спецификалық иісі бар өсімдік заты тәркіленді. Күдіктілердің барлығы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», деп көрсетілген хабарламада. 

Оған қоса, ақмолалықтарға есірткі жеткізіп берумен айналысқан Жамбыл облысының тұрғыны да ұсталды. Ол сол күні өз өңірінде жергілікті ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы қызметкерлерінің көмегімен қолға түсті. Оны тінту барысында 210 келі кептірілген «марихуана», 990 грамм «гашиш» тәркіленді.