Қазақстандық мергендер АҚШ ҚК Арнайы операциялар күштерінің жыл сайынғы жарысында үшінші орын иеленді.
Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, сайыс Солтүстік Каролина штатында өтті.
«Биресми халықаралық сайыста бірінші орынды АҚШ, екінші орынды Германия, үшінші орынды Қазақстан мергендері жеңіп алды», — делінген хабарламада.
Жарысқа Австралия, Германия, Голландия, Сингапур, Ирландия, Қазақстан мен АҚШ-тан 25 команда қатысты.