Бүгін академик Өмірзақ Айтбаев 80 жасқа толды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін академик Өмірзақ Айтбаев 80 жасқа толды

Бүгін академик Өмірзақ Айтбаев 80 жасқа толды

80 жыл бұрын (1936) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі АЙТБАЕВ Өмірзақ дүниеге келд

  • 5 Сәуiр 2016
  • 759
Фото - Caravan.kz

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) тәмамдаған. 

1959-1962 жылдары — «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері. 

1962-1999 жылдары — Қазақстан Ғылым академиясы Тіл білімі институтының кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, аға, бас ғылыми қызметкер. 

1995-1996 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикақ институтының профессоры. 

1997-1998 жылдары — Қ.А.Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры. 

1999 жылдан — «Қайнар» университетінің қазақ тілі және әдебиет факультетінің, филология факультетінің деканы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Тіл білімі институтының Терминологиялық орталықтың директоры қызметтерін атқарған.


1989 жылдан — «Қазақ тілі» халықаралық қоғамның вице-президенті, 1996 жылдан — бірінші президенті, 2004 жылдан — президенті.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.