Таразда тастанды баланың ата-анасына іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда тастанды баланың ата-анасына іздеу жарияланды

Таразда тастанды баланың ата-анасына іздеу жарияланды

Тараздың адамдар көп жүретін көшелерінің бірінен бір апта бұрын Әлихан есімді үш жасар бала табылды.

  • 6 Сәуiр 2016
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Біздің қызметкерлер баланы Мирзоян көшесінен тауып алып, кәмелетке жетпегендерді бейімдеу орталығына орналастырды, — деді  Жамбыл облысы ІІД КЖИ ювеналдық полиция бөлімінің жетекшісі, полиция подполковнигі Қуанышбек Қалжанов. — Баланы әлі ешкім іздеген жоқ. Біздің тарапымыздан табылған бала жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру беру, жергілікті телевидениенің «жүгіртпе жолына» жариялау үшін білім басқармасына сұрау салынды».

Баланың айтуынша, ол Алматыдан Тараздағы әжесіне анасымен бірге келген. Анасы көшеге қалдырып кеткен, енді ол анасын мықтап сағынып отыр.


Анасының есімі Алтынай болуы мүмкін.

Полиция баланы, оның туыстарын білетіндер болса, бұл туралы хабарлауларын сұрайды.