Мәжілістің алғашқы жалпы отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжілістің алғашқы жалпы отырысы өтуде

Мәжілістің алғашқы жалпы отырысы өтуде

Бүгін Парламент Мәжілісінің Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің жетекшілік етуімен палатаның бірінші сессиясының алғашқы жалпы отырысы өтуде. Жалпы отырысқа палатаның 107 депутатының 105-і қатысуда.

  • 6 Сәуiр 2016
  • 389
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс Бюросының ұсынысы бойынша күн тәртібіне төрт мәселе енгізілген болатын. Атап айтқанда, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен Қазақстанда офистер құру және олардың жұмыс істеуі туралы, сонымен қатар, Македониямен инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы үкіметаралық келісімдерді ратификациялау туралы заң жобалары ұсынылады. Сонымен қатар, азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасымен жұмысты одан әрі жалғастыру мәселесін қарайтын болады.

Бұдан бөлек, депутаттар алтыншы сайланған Мәжілістің өкілеттіктерін іске асырудың бірінші сессияға арналған негізгі іс-шаралар жоспары талқылайды.