СҚО-да соғыс ардагерін өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да соғыс ардагерін өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды

СҚО-да соғыс ардагерін өлтірді деген күдікпен екі адам ұсталды

М.Жұмабаев атындағы ауданның ІІБ қызметкерлері Полтавка ауылының 89 жастағы тұрғынына шабуыл жасау және оны өлтіру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

  • 6 Сәуiр 2016
  • 377
Фото - Caravan.kz

«Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен 21 жастағы екі жергілікті тұрғын ұсталды. 24 наурызға қараған түні жалғыз тұратын зейнеткердің үйіне мас екі ауылдасы кіріп, оның мүлкін тартып алмақ болған. Олар соғыс ардагерін соққыға жығып, теледидар мен 16 мың теңгені ұрлап, таксимен аудан орталығына кеткен.  Жарақаттар салдарынан зейнеткер оқиға орнында қаза тапты», — делінген СҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Күдіктілер ұсталып, тергеу оқшаулағышына қамалды. Тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлімі бойынша сот алдындағы тергеу амалдары жүргізілуде. Онда 15-тен 20 жылға дейін немесе өмірінің соңына дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.