Қостанайда қарғын су салдарынан 15 адам эвакуацияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда қарғын су салдарынан 15 адам эвакуацияланды

Қостанайда қарғын су салдарынан 15 адам эвакуацияланды

7 сәуірге қараған түні құтқару қызметі Қостанай-2 шағын ауданынан 15 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Олардың баспанасын су басты, сондай-ақ тұтастай шағын ауданды су басу қаупі болды.

  • 7 Сәуiр 2016
  • 411
Фото - Caravan.kz

Қостанай қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай,  тұрғын үйлерді су басуының алдын алу мақсатында ТЖД, ІІД, жергілікті полиция қызметі, жергілікті атқарушы орнандар, мердігер ұйымдар және 6697 ә/б тарапынан 200 адам, 35 бірлік техника тартылды. Сондай-ақ, осал тұстарды күшейту үшін 3000 қап құм жеткізіліп төселді. Оның көмегімен «Нагорная канава» су өткізу құрылымы күшейтілді.

«Шағын ауданды су басуына жол берілмеді, — делінген хабарламада. — Еріген су дала жақтан ағып келіп жатыр. Жапа шеккендер жоқ. Су басу қаупі бар аймақтағы үйлерден 15 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың 7-еуі ересек адам, 8-і бала. Олар Әлеуметтік қызмет көрсету бойынша Қостанай аумақтық орталығына орналастырылды