Қ.Тоқаев Түркі академиясының басшысын қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қ.Тоқаев Түркі академиясының басшысын қабылдады

Қ.Тоқаев Түркі академиясының басшысын қабылдады

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады.

  • 7 Сәуiр 2016
  • 320
Фото - Caravan.kz

Ол жоғарғы Палатаның басшысын наурыздың соңында БҰҰ штаб-пәтерінде болған «Жібек жолының бойындағы синергия және БҰҰ 2030 Күн тәртібі» халықаралық симпозиумы туралы хабардар етті.

Жоғарғы деңгейдегі форум алғаш рет ұлы Жібек жолының аясындағы жан-жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады және БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге тиісті ұсынымдар әзірледі.

Қ.Тоқаев Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Түркі академиясының бұдан былайғы табысты қызметіне тілектестігін білдірді.