«Павлодарлифт» ЖШС 91,4 млн теңгеге сатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Павлодарлифт» ЖШС 91,4 млн теңгеге сатылды

«Павлодарлифт» ЖШС 91,4 млн теңгеге сатылды

 «Павлодарлифт» ЖШС-нің иесіне жекешелендіру үшін 91 млн 459 мың 514 теңге төлеуге тура келді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. <

  • 8 Сәуiр 2016
  • 317
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы агенттікке Павлодар қалалық қаржы бөлімінің басшысы Ольга Крупникова хабарлады.     -Сауда бүгін жасалды. Электронды сауданың жеңімпазы анықталды, алайда келісімшартқа қол қойылған жоқ. Сондықтан әзірге оның аты-жөнін айта алмаймын. Бір қосарым, серіктестіктің жаңа иесі Солтүстік Қазақстан облысының азаматы. Келісімшарт 10 күні ішінде жасалады. Құжаттар толтырылғаннан кейін ғана толық ақпарат бере аламын, — деді О. Крупникова.


Естеріңізде болса, ЖШС-ның экс-директоры Мәдениет Ахметов былтырғы жылдың қараша айында ревизиялық комиссияның тексерісінен кейін жұмысынан босатылған болатын. Серіктестіктің қосымша құн салығы бойынша 36 млн теңге берешек болғаны анықталған.     -Аталмыш жағдайға қатысты сот ісі әлі де жүріп жатыр, — деп атап өтті О. Крупникова.