Алматы облысында теміржолға отандық рельстер төселді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында теміржолға отандық рельстер төселді

Алматы облысында теміржолға отандық рельстер төселді

Кеше Жамбыл ауданы Қызылтаң стансасы маңынан «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы - Шу арасында тағы бір темір жол салу жұмысы басталды. Шойын жолға «Ақтөбе рельс-арқалық зауытында» дайындалған рельстер төселді. Салтанатты шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов пен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мамин қатысты.

  • 8 Сәуiр 2016
  • 397
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін өңірден жалаң рельспен бір ғана пойыз жүруге мүмкіндік болған. Соған байланысты пойыздар бір-бірін өткізіп тұруға мәжбүр еді. «Қазақстан Темір жолы» АҚ президенті Асқар Мамин атап өткендей, жоба іске қосылған уақытта аталмыш учаскеден пойыздардың өтуі 3,2 есе, ал жүк пойыздарының өтуі тәулігіне 68-ге дейін өсіп, энергия шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа темір жол желісінің ұзындығы 306 шақырым болса, соның 110 шақырымына отандық өнім пайдаланылмақ. Сондай-ақ жоба шеңберінде 16 көпір және станса салынады.

Құрылыс барысында пайдаланылатын отандық өнімді шығарушы «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» директоры Андрей Кузьминнің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған зауыт бір жарым айдан бері жұмыс істеп келеді. Кәсіпорын толық қуатына көшкен кезде жылына 430 тонна өнім шығаратын болады. Бүгінгі күні «Қазақстан Темір жолы» АҚ-мен 10 жылға келісімшарт жасасқан. Биылғы жылдың өзінде келісімшарт шеңберінде 73 мың тонна рельс жеткізу жоспарланған. Қазір өнімді таяу шетелдерге шығару мәселесі қарастырылуда.