Негізі, соңғы уақытта өңірдегі жағдай қатты ушығып тұр. Себебі бұған дейін Македония Грекиямен арадағы шекарасын жауып тастаған болатын. Салдарынан Идоменидегі босқындар лагерінде бүгінде 12 мыңдай адам жиналып қалған. Олар негізінен Сирия, Ирак пен Ауғанстан азаматтары екен, деп жазады 24.kz.