Республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс шектелді

Қар еріп, су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қазақстандағы бірқатар республикалық маңыздағы жолдарда қозғалыс шектелді. Қазіргі таңда СҚО мен Ақтөбе облысы аумағында республикалық маңыздағы жолдар жабылған. СҚО-да Жезғазған-Петропавл тасжолының  705-786 шақырымында жол қозғалысы барлық көлік түрлеріне шектелген. Ал Ақтөбе облысында ағын суға байланысты Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз тасжолының 219-200 шақырымдарында барлық көлікке қозғалыс шектелді. Сондай-ақ, аталған тасжолдың 200-220 шақырымы (Мөңке би ауылы мен Кайдауыл ауылының арасындағы жол) жабық. Сондай-ақ Ақтөбе, СҚО, Қостанай облыстарында жолдарды сел суының басу қаупі бар 7 республикалық жол анықталып отыр. Барлық аталған аймақтарда су өтетін құбырлар тартылған. Ескерту белгілері, бағаналары қойылған. Аймақтарды мамандар тәулік бойы қадағалауда.

  • 8 Сәуiр 2016
  • 677
Фото - Caravan.kz