Қытайдың экономикалық құрылымындағы өзгерістер Қазақстанға да әсер етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытайдың экономикалық құрылымындағы өзгерістер Қазақстанға да әсер етеді

Қытайдың экономикалық құрылымындағы өзгерістер Қазақстанға да әсер етеді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жиынтық талдаулар департаменті Қазақстан мен Қытай экономикалық қатынасының қазіргі жағдайына қысқаша шолу жасаған болатын. 

  • 8 Сәуiр 2016
  • 671
Фото - Caravan.kz

Белгілі болғанындай, 2015 жылы қазақстандық экспорттың 12 пайызы, ал импорттың 17 пайызы Қытайдың үлесіне тиген екен. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.

«Наурыз айындағы Азия даму банкінің баяндамасына сәйкес, 2016 жылы Қытай экономикасының өсімі 6,5 пайыз, 2017 жылы  6,3 пайызды құрайды. Бұл ретте АДБ сарапшылары Қытай экономикасының бәсеңдеуіне себеп ретінде жұмысқа қабілетті ел халқының азаюын, экономикалық өсім моделінің экспорт пен инвестицияға емес тұтынушылыққа негізделген құрылымдық өзгерісін атап отыр. АДБ есебінше, Қытайдың мұндай құрылымдық өзгерістер қадамы Азияның дамушы елдері үшін зор қатер», — делінген баспасөз талдауда. 

Палата сарапшыларының пайымынша, Қытай экономикасы проблемаларының Қазақстанға да әсері бар. «Қытай ауқымы жағынан Қазақстан үшін екінші орында тұрған саудалық әріптес ел. 2015 жылы қазақстандық экспорттың 12 пайызы және импорттың 17 пайызы Қытайдың үлесіне тиді. Бұл үлес 2014 жылдан бері төмендеп отыр», — делінген талдауда.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның Қытаймен сауда құрылымы сараланудың төмен деңгейімен ерекшеленеді. Сосын Қытайға экспорттық тауарлар құрылымында шикізат резурстары басымдыққа ие. Алайда, Қытай тарапынан сұраныстың төмендеуі қазақстандық экспорт құрылымына да әсер еткен. Ал Қытайдан жеткізілетін импорттың негізі машина, құрылғылар, металлургия мен химия және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін құрайды. Жиынтығында дәл осы тауарлар позициясы Қытайдың Қазақстанға жасаған импортының 60 пайызына тең болып отыр.


«Шетелдік тікелей инвестицияның жалпы ағыны да сауда-экономикалық ынтымақтастық серпініне көрініс береді. Соңғы жылдары Қытайдан келетін шетелдік тікелей инвестиция Қазақстанға тартылған жиынтық инвестицияның орташа алғанда 7-8 пайызына тең болып отыр. Алайда, 2013 жылдан бастап, Қытайдан Қазақстанға тартылған инвестициялар көлемі қысқара бастады», — делінген баспасөз баянында.