Үндістанда ғибадатхана өртенді: 100 шақты адам қаза тауып, 350-дейі жарақат алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үндістанда ғибадатхана өртенді: 100 шақты адам қаза тауып, 350-дейі жарақат алды

Үндістанда ғибадатхана өртенді: 100 шақты адам қаза тауып, 350-дейі жарақат алды

Үндістанда діни мереке кезінде ғидатаханада алапат өрт болып, салдарынан 102 адам адам қаза тапты, 350 адам жарақат алды. Төтенше оқиға елдің оңтүстік-батысындағы Керала штатының Коллам қаласында орын алған. Бұл туралы newsru.com сайты хабарлайды.

  • 11 Сәуiр 2016
  • 517
Фото - Caravan.kz

Путтингал ғибадатханасында діни мерекеге 15 мыңға жуық адам жиналған. Діни мереке дәстүрлерінің бірі — отшашуларды ату. Жергілікті қауымдар от шашу атудан жарысады.

Мерекеден бұрын ғибадатхана алдына пиротехника әкелініп, үйіліп жатқан. Куәгерлер пиротехниканы жандырудан ғибадатхана безендірілген жасанды гүлдерден жасалған ілме шамдар өртенгенін айтты. Соның оты от шашуға тиіп кетіп, арты үлкен өртке айналған.

Жергілікті тұрғындар діни мерекені тойлаған Путтингал ғибадатханасы толық өртеніп кетті. Зардап шеккен барлық адамдар қауіпсіз жерге шығарылып, жергілікті ауруханаларға жеткізілді.


«Үкімет мереке кезінде ғимаратқа жақын жерде от шашу пайдаланбау туралы тыйым жария еткен. Алайда ол Путтингалде орындалмаған», — деп мәлімдеді штаттың бас министрі Креала Оуммен Чанди.