"Астана қаласындағы тергеп-тексерулер. ҚР ТМРБҚК Астана қаласы бойынша департаменті жүргізген тергеп-тексерулер нәтижелері бойынша «Бахус Центр» ЖШС-ның қызметінде бұзылу фактісі анықталды. "Бахус Центр" —дың "Алма розничные сети" ЖШС және "Астыкжан" ЖШС-мен келісілген әрекеттері азық-түлік өнімдеріне негізсіз баға көтеруімен сипатталған",- делінегн хабарламада.
Бұзушылықтың дәлелденген фактісі Астана қалалық мамандандырылған әкімшілік соты (Астана қаласының МАӘС) үшін «Бахус Центр» 829 433 теңге мөлшерінде монополиялық кірісті тәркілеумен 527 113 теңге мөлшерінде айыппұл санкциясын салу негіз болды. Қазіргі кезде айыппұл толық көлемде төленді, ал монополиялық кіріс мемлекет кірісіне алынды.
Сондай-ақ тергеп-тексерулер нәтижелері бойынша «Қазақстан Темір жолы» АҚ (ҚТЖ) айыппұлға тартылды. «Диполь Транс» ЖШС өтініштерінің негізінде ТМРБҚК Астана қаласы бойынша департаменті ҚТЖ қатысты тергеп-тексеру жүргізді. Тергеп-тексеру барысында өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері дәлелденді. Компания Қазақстан арқылы келе жатқан транзиттік қатынастардағы және «Диполь Транс» ЖШС шарт жасасқан жүк жөнелтушілерге өзінің еншілес компаниясы — «KTZ Express» АҚ арқылы экспедиторлық қызметтерді алуға мәжбүрледі.
(Кәсіпкерлік Кодекстен. Үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану нарық субъектiсiне немесе тұтынушыға өз мазмұны бойынша немесе iскерлiк айналым дәстүрiне сәйкес осы келiсiмдердiң нысанасына қатысы жоқ қосымша мiндеттемелер қабылдату арқылы келiсiм жасасуға шарт қою не оны күштеп таңуды білдіреді).
Астана қаласының МАӘС қаулысымен ҚТЖ 644 915 теңге сомасында айыппұлға тартылды.