Қазақстан антиядролық қозғалыстың көш басында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан антиядролық қозғалыстың көш басында тұр

Қазақстан антиядролық қозғалыстың көш басында тұр

Қазақстан – әлемнің алпауыт елдеріндегі ядролық полигондардың жабылып, жойқын қарудың қасіретін тоқтатуға түрткі болған алғашқы мемлекет. Вашингтондағы іс-шара Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қарусыз әлем құру, ғаламдық ядролық қауіпті қысқарту саласында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін үйлестіру маңыздылығы туралы бастамаларының өзектілігін тағы да айқындады. Елбасының «Әлем. XXI ғасыр» манифесі жалпыадамзаттық келісім алаңында бас қосуға үндейді. Сондықтан жаһандық қаупі бар бұл қарумен күресте Қазақстан көш бастап тұр. Бұл – ұлт қауіпсіздігі мәселесін тереңнен зертеп жүрген мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметовтың пікірі.

  • 12 Сәуiр 2016
  • 591
Фото - Caravan.kz


Әділ Ахметов, ҚР Мемлекет және қоғам қайраткері:

— Вашингтонда өткен 4 саммиттің рөлі үлкен. Ядролық қаруы жоқ аймақтарды көбейтуде Қазақстанның рөлі үлкен. Мүмкін болса, мүлде атом қаруынан азат әлем жасау үшін Президент көп еңбек жасады. Әсіресе террористерді ауыздықтау үшін барлық мемлекетте бір-бірімен ақпарат алмасу жағын күшейту керек. Егер жанкешті болса, оны жер жүзі білуі керек. Әлем болып күресу керек дегенді де Президент ұсынысып отыр.