e-Gov.kz порталының арқасында Қазақстан 78 млрд теңге үнемдеген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
e-Gov.kz порталының арқасында Қазақстан 78 млрд теңге үнемдеген

e-Gov.kz порталының арқасында Қазақстан 78 млрд теңге үнемдеген

Қазақстанның электронды үкіметі e-Gov.kz порталының экономикалық тиімділігі 78 млрд теңгені құраған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Инвестициялар жəне даму вице-министрі Сəкен Сəрсенов мəлім етті.

  • 12 Сәуiр 2016
  • 425
Фото - Caravan.kz

«2006 жылдар бері электронды үкіметке 46 млрд теңге бөлінген. Экономикалық тиімділігіне келер болсақ, электронды үкіметтің арқасында Қазақстан 78 млрд теңге үнемдеді»,-деді вице-министр журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Вице-министр хараблағандай, электрорды үкіметтің экономикалық шлюзі арқылы 18 млрд теңгеден артық сомаға 3 миллионға жуық транзакция өткен. Бұл соманың 10  млрд теңгеден астамы — 2015 жылға тиесілі.

Естеріңізге сала кетейік, қазір электронды үкімет аясында  900-ге жуық  қызмет түрі мен сервис автоматтандырылған. Соның ішінде, 240 қызмет түрі электронды үкімет порталының төңірегінде автоматтандырылған. Оы уақытқа дейін 130 миллионға жуық қызмет көрсетілген. Электронды үкімет порталында 5 миллионға жуық қолданушы тіркелген.