Ұзындығы 215 шақырым Астана-Павлодар күре жолы ЭКСПО-ға дейін тапсырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ұзындығы 215 шақырым Астана-Павлодар күре жолы ЭКСПО-ға дейін тапсырылады

Ұзындығы 215 шақырым Астана-Павлодар күре жолы ЭКСПО-ға дейін тапсырылады

Ұзындығы 215 шақырымдық Астана-Павлодар республикалық тас жолы ЭКСПО-ға дейін тапсырылады, деп хабарлады pavlodarnews.

  • 13 Сәуiр 2016
  • 356
Фото - Caravan.kz


Мұндай тапсырманы бүгін облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте облыс басшысы Болат Бақауов «НК «ҚазАвтоЖол» АҚ басшысы Ерсін Сәриевке берді.

— Қаржы бөлініп, мердігер белгіленген болса, жолдардың құрылысын ұзаққа созбай ерте тапсыруға болады. Астана-Павлодар республикалық тас жолын ЭКСПО-ға дейін тапсыру керек, — деді Б.Бақауов.

Жалпы жол-құрылыс жұмыстарына облыстың 208 кәсіпорны жұмылдырылды. Олардың 21-і ірі кәсіпорын және 187-сі орта, шағын бизнес. Өткен жылы облыс жолдарын салуға жергілікті өңірден тартылған 1205 адамның 52-сі — мүмкіндігі шектеулі жандар. 

— Жол-құрылысы жұмыстарына 18 млрд теңге бөлінді. Алдағы уақытта 15,7 млрд теңге қосымша берілмек. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 395,7 шақырым жолды қайта құру жоспарланған: Ақмола облысынан Ленин кентіне дейінгі 215 км, Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелі 12,7 және Шығыс Қазақстан облысынан Павлодарға дейін 168 км, — деді Е.Сәриев. 

«НК «ҚазАвтоЖол» АҚ басшысының айтуынша, 93 километрге созылған «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ульяновский» жолының және Ащысу арқылы өтетін көпірдің негізгі құрылысы су тасқыны аяқталған соң жалғасын табады.