Арман Төлебаев, облыстық прокуратура басқармасының аға прокуроры:
— Коммерциялық мақсаттағы жер телімдерін жекеменшікке беру үшін әкімдіктер аукциондар мен конкурстар өткізуі тиіс. Алайда олар заңнаманың бұл талабын өрескел бұзып отыр. Осындай заңсыз жолмен үлестірілген 47 жер телімінің қазір 41-і мемлекет меншігіне қайтарылды. Қалғандары сотта қаралуда.