Украина Радасы Владимир Гройсманды премьер-министр лауазымына бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Украина Радасы Владимир Гройсманды премьер-министр лауазымына бекітті

Украина Радасы Владимир Гройсманды премьер-министр лауазымына бекітті

Украина Радасы Владимир Гройсманды премьер-министр лауазымына бекітті. Алайда Гройсман премьер-министр болуға бірден келіскен жоқ, деп жазады Би-би-си. 

  • 14 Сәуiр 2016
  • 358
Фото - Caravan.kz

Украинаның Жоғарғы Радасы үкіметтің бұрынғы басшысы Арсений Яценюктің отставкаға кетуін құптап, премьер-министр лауазымына Владимир Гройсманның кандидатурасын бекітті.

Гройсман кандидатурасын 257 депутат қолдады. 50 адам қарсы дауыс берді.

Гройсман сәрсенбі күні премьер-министр болуға келісетінін мәлімдеді. Бұған дейін парламент спикері бұл лауазымнан бірнеше рет бас тартқан.  Өйткені оның бұл қызметке тағайындалуына толық келісім болмаған еді.

Оның тағайындалуы бойынша соңғы келіссөздерді Рада сәрсенбі күні өткізді. Парламенттегі "Петр Порошенко блогы" фракциясының басшысы Юрий Луценко айтқандай, осы жерде үкімет құрамы келісілді.


Гройсман 2014 жылдың қарашасында Жоғарғы Рада төрағасы болып сайланған. Осы уақытқа дейін үкіметте вице-премьер лауазымында, сонымен қатар Украинаның өңірлік даму, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы министрі болды.