Екібастұзда былтыр ұры түскен «Қазпошта» АҚ филиалын тағы да тонап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда былтыр ұры түскен «Қазпошта» АҚ филиалын тағы да тонап кетті

Екібастұзда былтыр ұры түскен «Қазпошта» АҚ филиалын тағы да тонап кетті

Екібастұзда екі белгісіз тұлға «Қазпошта» АҚ филиалынан 1 млн. теңгеден астам ақшаны жымқырды, деп хабарлады Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметі.

  • 15 Сәуiр 2016
  • 427
Фото - Caravan.kz


Аталған факт бойынша ҚР ҚК 191-бабы  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, осы поштаны өткен жылы мамыр айында тонаған. Ол кезде төрт қаскөй 60 млн теңгені қалталарына басты. Олар ұсталып, екеуі 9 жылға, қалған екеуі 7 жылға бостандықтарынан айырылды.