Парижде «Қазақстанмен кездесу» атты Инвестициялық форум өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парижде «Қазақстанмен кездесу» атты Инвестициялық форум өтуде

Парижде «Қазақстанмен кездесу» атты Инвестициялық форум өтуде

Францияның астанасы Париж қаласында  «Қазақстанмен кездесу» атты Инвестициялық форум өтуде. Шараны Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің қолдауымен «Business France» француз мемлекеттік ұйымы ұйымдастырған.  Ауқымы кең бизнес-форумға 60-қа тарта француздың ірі және орта компаниялары мен Қазақстанның сыртқы сауда палатасының өкілдері қатысып отыр. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 15 Сәуiр 2016
  • 386
Фото - Caravan.kz

«Әлемдік аренада қазақстандық инвестициялық климаттың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде  жетекші халықаралық тәжірибелерге сәйкес жағдайлар толық жасалған. Қазақстанның бизнес-қауымдастығы француздық әріптестерімен ынтымақтастыққа әзір, олардың тәжірибелерін енгізіп қана қоймай, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға да қызығушылық бар. Соған байланысты, Қазақстанның сыртқы сауда палатасы  екі елдің кәсіпкерлерінің берік әріптестігін қалыптастыру үшін күш-жігерін жұмсайтын болады», — деді форумдағы сөзінде ҚР Сыртқы сауда палатасы төрағасының орынбасары Әлихан Қанапия.

Сондай-ақ, ол француз әріптестеріне экономиканың басым секторындағы инвестицияларға жасалатын жеңілдіктер, патенттік құқықтың қорғалуы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік ерекшеліктері туралы әңгімеледі. 

Сонымен қатар, француздың бірқатар ірі бизнес өкілдері мен Еуразиялық Қайта Құру және Даму банкінің Қазақстандағы өкілі Жанет Хекман  Қазақстандағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Ал Қазақстандағы Франция елшісі Францис Этьенн еліміздегі француз бизнесі үшін мүмкіндіктерге тоқталып, бизнес-қауымдастықты Қазақстанға қарай батыл қадам басуға,  белсендірек болуға шақырды.


Форумның қорытындысында Қазақстан сыртқы сауда палатасы басқарма төрағасының орынбасары «В2В» форматында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Онда францаз компанияларының өкілдері Қазақстанға іскерлік сапармен келуге ниеттестігін білдіріп, іскерлік миссиялар өткізу үшін ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдаулар сұраған.