2016 жылы 17 сәуірде сағат 18:35-те Төле би ауданы Ленгер қаласы мен Қазығұрт ауданы Алтын төбе ауылдық округінің 1 май елді мекеніне су басу қаупі төнгені жайлы хабар түсті.
2016 жылы 17 сәуірде сағат 22.00-дегі жағдай бойынша, нөсер жауын жауу мен кәріздік жүйенің болмауы салдарынан Төле би ауданында 7 ауланы, Қазығұрт ауданының 2 шаруашылық құрылысын, 3 аула мен 1 уақытша баспананы су басты.
Оқиға орнында ОҚО ТЖД құрылымдары жұмыс істеуде.
Төле би ауданына ОҚО әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев, ОҚО ТЖД басшысы, азаматтық қорғаныс полковнигі А. Путейко аттанды.
Сағат 22.30-дағы жағдай бойынша Қазығұрт ауданындағы апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды.
Қазір Төле би, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам аудандарында жауын құйып тұр.
ОҚО ТЖД-да жедел штаб құрылды. Жағдай бақылауға алынды.