Жерорта теңізінде 400-ден астам мигрант ажал құшты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жерорта теңізінде 400-ден астам мигрант ажал құшты

Жерорта теңізінде 400-ден астам мигрант ажал құшты

Мысыр таратқан ақпараттарға сәйкес, Еуропаға жетпек болған 400-ден астам мигрант Жерорта теңізінде батып кетті. Қаза тапқандардың басым бөлігі Сомалиден болды, деп хабарлады Би-би-си

  • 18 Сәуiр 2016
  • 331
Фото - Caravan.kz

Олар теңізді төрт тозған қайықпен жүзіп өткен. 

Соңғы жылдары Мысыр Еуропаға ұмтылған заңсыз мигранттар үшін өткізу бекетіне айналды. Мыңдаған адам Александриядан теңіз арқылы аттанады.

2016 жылдың басынан Жерорта теңізі арқылы Еуропаға 100 мыңнан астам босқын жетті.  

Көші-қон істері бойынша халықаралық ұйым хабарлағандай, Жерорта теңізі арқылы сәтті өтіп Еуропаға жететіндердің саны миллион болса, жолда ажал құшқандардың үлесі 3 700 адамды құрайды.



Ұйым болжамына сәйкес, 2016 жылы Еуропаға тағы  бір миллион босқын баруы мүмкін.