Эквадордағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 413-ке жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эквадордағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 413-ке жетті

Эквадордағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 413-ке жетті

Сенбі күні Эквадорда болған жер сілкінісі салдарынан ең кемі 413 адам қаза тауып, 2 мыңнан астамы жарақаттанды, деп хабарлады Би-би-си.

  • 19 Сәуiр 2016
  • 301
Фото - Caravan.kz

Президент Рафаэль Корреа табиғи апатты соңғы 70 жылдағы ең қайғылы трагедия деп атады.

7,8 магнитудалы жерасты дүмпулері салдарынан Эквадордың Тынық мұхиты жағалауындағы қалаларындағы көптеген ғимараттар қирады, жолдар жарамсыз болып қалды.

Апат салдарын жою үшін 14 мың әскери мен полицей тартылды, оларға көмек ретінде өзге елдердің құтқарушылары жіберілді.