Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы сотталды

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотында Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Х.Хайдаровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

  • 19 Сәуiр 2016
  • 472
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласы Бостандық ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Х.Хайдаров Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабы 3-бөлігінің «б» жәнет «г» тармақтарында көзделген (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жыл мерзімге мемлекеттiк қызметтi атқару құқығынан айыра отырып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК 63 бабына сәйкес, тағайындалған жаза үш жыл сынақ мерзімімен шартты деп саналады. Сот сотталушыға пробациялық бақылау орнатты.

Соттың анықтауымен, Х.Хайдаров Алматы қаласы «Дене шынықтыру және спорт басқармасы» КМБ-ның басшысы бола тұра, Алматы қаласы құрамасының жеңіл атлетика бойынша тұлғалар тобының аға жаттықтырушысы С.Рыпаковпен алдын ала келісім бойынша 2013 жылдың наурыз айынан 2014 жылдың қазан айы аралығындағы С.Рыпаковқа сеніп тапсырылған, жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру үшін бөлінген, жалпы соммасы 12 373 281 теңгені құрайтын ақшалай қаражатты жымқырған.

Сот жаза тағайындау кезінде сотталушының келтірген залалы үшін өтемақысын, өткен уақыттағы мінсіз мінез-құлқын, оның ұлғайған жасын және денсаулық жағдайын ескерген, деп хабарлайды Алматы қаласының № 2 Бостандық аудандық сотының баспасөз қызметі.


Сот үкімі заңды күшіне еңген жоқ.