Семейде тұрғын үйде өрт шығып, 28 адам қауіпсіз жерге шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде тұрғын үйде өрт шығып, 28 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Семейде тұрғын үйде өрт шығып, 28 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Семейде 6-шы қабаттағы балконда автомобиль доңғалақтарының өртенуі салдарынан көп қабатты үйден 28 адам қауіпсіз жерге шығарылды.

  • 19 Сәуiр 2016
  • 358
Фото - Caravan.kz

18 сәуірде сағат 16:15-те Рысқұлов көшесіндегі №1 үйде өрт шықты. Аз уақыт ішінде қызыл жалын балконның пластикалық конструкцияларын жалмап, көрші пәтерді шарпыды. Тұрмыстық техника, жеке заттар, терезелер, есіктер отқа оранды.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қалың түтін салдарынан 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 6 бала бар.

Құтқарушылар бір сағаттан кейін өртті сөндірді. Жапа шеккендер жоқ.


Оттың шығу себептері анықталып жатыр.